08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мэнни Пакьяо рингке оралмақ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
пакьяо

Аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо 2026 жылдың желтоқсан айында кәсіби рингке қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы Source of Boxing басылымы хабарлады.

Қазіргі таңда ықтимал қарсыластардың қатарында америкалық Ролли Ромеро, Марио Барриоспен реванш немесе Джервонта Дэвиспен кездесу аталып жүр. Бұл есімдер – Пакьяоның келесі жекпе-жегіне қатысты ең жиі айтылып жүрген нұсқалар.

Пакьяо кәсіби мансабын 1995 жылы бастаған. Ал үш жылдан кейін, 1998 жылы WBC нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды. Кейін ол тағы жеті түрлі салмақ дәрежесінде белбеу иеленіп, тарихтағы сегіз салмақты бағындырған алғашқы боксшы ретінде рекорд орнатты.

Соңғы рет Пакьяо рингке Марио Барриосқа қарсы шыққан. Лас-Вегаста өткен 12 раундтық айқас тең нәтижемен аяқталды — төрешілердің басым бөлігі ұпай санын тең деп бағалаған.