21.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Мен үшін мақтаныш». Хусанов «Манчестер Ситидегі» алғашқы әсерімен бөлісті

Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов ресми түрде Англияның қазіргі таңдағы ең мықты ұжымдарының бірі «Манчестер Сити» клубына ауысты. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Алғашқы таныстырылымнан кейін ойыншы клубтың баспасөз қызметіне шағын сұхбат берді.

«Манчестер Сити» сапына ауысқаныма қуаныштымын. Бұл команданың ойынын ұзақ уақыттан бері бақылап келемін. Клубтың құрамына әлемнің үздік ойыншылары жиналған. Енді олармен бірге ойнайтын сәтті асыға күтемін. Сосын Пеп Гвардиола туралы айтпаса болмас. Ол футбол тарихындағы ең үздік жаттықтырушылардың бірі. Осындай білікті маманнан үйреніп, өз ойынымды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Маған және отбасыма «Манчестер Сити» сияқты атақты клубтың қатарына қосылу мақтаныш. Сондықтан мұндай мүмкіндікті пайдалануға барынша дайынмын», — деді Абдукодир Хусанов.

20 жастағы футболшы британиялық ұжыммен бес жылдық келісімшартқа қол қойды және енді 45-нөмірмен өнер көрсетеді. Келісімшарт 2029 жылдың соңына дейін жасалған.