Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Мбаппенің алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе жақын арада алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Мигель Анхель Диас әлеуметтік желіде хабарлады.

Оның мәліметінше, франциялық форвард алдағы Ла Лигадағы «Реал» мен «Хетафе» матчына қатыса алмайды, бірақ Испания кубогының финалында «Барселонаға» қарсы ойынға қатыса алады.

Мбаппе осы маусымда барлық турнирлерде 50 матч өткізіп, 33 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарт мерзімі 2029 жылдың жазына дейін созылады. Transfermarkt порталындағы ақпаратқа сәйкес, футболшының құны 170 миллион еуро.