08.11.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мбаппенің Франция құрамасында Ұлттар Лигасының матчтарына қатыспауының себебі анықталды

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе УЕФА Ұлттар Лигасының алдағы матчтарына қатыспайтыны белгілі болды. Championat.com порталының мәліметінше, оның Франция құрамасына қосылмауының себебін әйгілі испан журналисті Хосе Луис Санчес өзінің X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтында жария етті.

Санчестің айтуынша, Мбаппе Дидье Дешамға физикалық формасын қалпына келтіру қажеттілігі туралы хабарлаған. Сол себепті ол Франция құрамасының тізіміне енгізілмеген. Мбаппе алдағы Израильмен (14 қараша) және Италиямен (17 қараша) болатын матчтарға қатыспайды.

Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дешам да бұл шешімнің ойыншының физикалық жағдайына байланысты екенін растады және оның футболдан тыс факторлармен байланысы жоқ екенін атап өтті.