Оқу уақыты: 1 мин

Мбаппе «Реалдың» дебюттік маусымындағы тарихи гол рекордын орнатты

Мбаппе «Реалдың» дебюттік маусымындағы тарихи гол рекордын орнатты

Championat.com хабарлауынша, мадридтік «Реалдың» жаңа шабуылшысы Килиан Мбаппе дебюттік маусымда нәтижелілік бойынша клубтық рекорд орнатты.

Ла Лиганың 37-ші тур аясында «Севильяға» қарсы ойында француз шабуылшысы гол соғып, барлық турнирлерде 41-ші голын салды — бұл 1992/1993 маусымында 37 гол соққан чилилік Иван Самораноның жетістігінен асып түсті.

26 жастағы шабуылшы сонымен қатар клубтың жаңа ойыншылары арасында Испания чемпионатындағы гол рекордын жаңартты — аңызға айналған Альфредо Ди Стефаноның 1953/1954 маусымындағы 27 голына қарсы 29 гол.

Өткен жазда еркін агент ретінде «Реалға» ауысқан Мбаппе клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырған — оның ағымдағы трансферлік құны 170 миллион еуро деп бағаланады.