01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мбаппе ПСЖ-дің Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісіне қатысты пікір білдірді

Мбаппе ПСЖ-дің Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісіне қатысты пікір білдірді

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе өзінің бұрынғы клубының Чемпиондар лигасының финалындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Ақыры бұл тарихи күн келді. Клубтың стиліне сай керемет жеңіс. ПСЖ-ді құттықтаймын», — деп жазды француз шабуылшы әлеуметтік желілерде.

Мбаппе париждік клубтың намысын жеті жыл бойы қорғады — осы уақыт ішінде ол командамен 15 трофей жеңіп алды. 2019/20 маусымында парижділер басты еуропалық турнирде жеңіске жақын болды, бірақ мюнхендік «Баварияға» 0:1 есебімен жол берді.

Өткен жазда «Реалға» ауысқаннан кейін француз шабуылшы әзірге өзінің марапаттар жинағын толықтыра алмады — мадридтік клуб маусымды трофейсіз аяқтады.