26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мбаппе мансабында алғаш рет «Алтын бутсты» жеңіп алды

Мбаппе мансабында алғаш рет «Алтын бутсты» жеңіп алды

Мадрид «Реалының» шабуылшысы Килиан Мбаппе еуропалық чемпионаттардың үздік сұрмергеніне берілетін беделді «Алтын бутс» жүлдесін жеңіп алды.

«Реалдағы» алғашқы маусымында француз шабуылшы Ла Лига ойындарында 31 рет мергендік танытты — 2.0 коэффициентін ескергенде бұл оған қорытынды есепте 62 ұпай әкелді.

Екінші орынға португалдық «Спортингтің» шабуылшысы Виктор Дьёкереш жайғасты — оның 39 голы 1.5 коэффициентімен 58.5 ұпайға айналды. Үздік үштікті «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах түйіндеді, ол АПЛ-да 29 доп соғып, 2.0 коэффициентімен 58 ұпай жинады.