Оқу уақыты: 1 мин

Мбаппе Ла Лигадағы дубльден кейін «Алтын бутс» жарысында көш бастады

Мбаппе Ла Лигадағы дубльден кейін «Алтын бутс» жарысында көш бастады

Transfermarkt мәліметінше, Килиан Мбаппе «Алтын бутс» жарысында көш бастады — «Реал» шабуылшысы Ла Лиганың 38-ші турында «Сосьедад» қақпасына екі гол соқты.

Француз шабуылшы Испания чемпионатында 31 гол соғып, 62 ұпай жинады және әлдеқашан аяқталған Португалия чемпионатында 39 гол соққан «Спортинг» швед шабуылшысы Виктор Дьокерештің 58,5 ұпайын басып озды.

«Ливерпульдің» Мохамед Салахы 56 ұпаймен үшінші орында — мысырлық ойыншының АПЛ-да «Кристал Пэласқа» қарсы бір ойыны қалды.

«Алтын бутс» үшін күрестегі үздік он сұрмергеннің қазіргі тізімі:

  • Килиан Мбаппе («Реал») – 62 ұпай
  • Виктор Дьокереш («Спортинг») – 58,5 ұпай
  • Мохамед Салах («Ливерпуль») – 56 ұпай
  • Харри Кейн («Бавария») – 52 ұпай
  • Роберт Левандовски («Барселона») – 50 ұпай
  • Матео Ретеги («Аталанта») – 50 ұпай
  • Александер Исак («Ньюкасл») – 46 ұпай
  • Омар Мармуш («Айнтрахт»/»Манчестер Сити») – 44 ұпай
  • Мика Бирет («Штурм»/»Монако») – 42,5 ұпай
  • Усман Дембеле («ПСЖ») – 42 ұпай