06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мбаппе Франция құрамасында тарихи рекорд орнатты

Мбаппе Франция құрамасында тарихи рекорд орнатты

RMC Sport мәліметінше, Килиан Мбаппе Франция ұлттық құрамасы үшін голдік пас беру бойынша жаңа рекорд орнатты — шабуылшы құрама сапында өткізген 89 ойында 31 нәтижелі пас берді.

Ұлттар лигасының жартылай финалында Испанияға қарсы ойында шабуылшы команда ойынына елеулі үлес қосты — пенальтиді сәтті орындап, нәтижелі пас берді, алайда француздар 4:5 есебімен жеңілді.

Мбаппе 30 голдік пас берген Антуан Гризманның көрсеткішін басып озды. Сонымен қатар, шабуылшы жалпы нәтижелі әрекеттер бойынша рекорд орнатты — 80 ұпай (49 гол және 31 пас), Тьерри Анриді артқа тастады.