Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Мбаппе бір ойынға шеттетілді — Кубок финалында ойнай алады

Испания футбол федерациясының тәртіптік комитеті Килиан Мбаппенің «Алавеске» қарсы матчта алған қызыл қағазына қатысты шешім шығарды. «Реал Мадрид» шабуылшысы бір ойынға шеттетілді және оған қосымша айыппұл салынды.

Француз форвард Антонио Бланкоға қарсы дөрекі ойыны үшін алаңнан қуылған болатын. Алайда төрешінің хаттамасында бұл эпизодта Мбаппе доп үшін күрескені жазылған — бұл оған ауыр жазадан құтылуға мүмкіндік берді.

«Мбаппе: ойын кезінде агрессивті мінез-құлық көрсеткені үшін Азаматтық кодекстің 52-бабына сәйкес бір ойынға шеттетіліп, айыппұл салынды», — делінген ресми мәлімдемеде.

Осыған байланысты Мбаппе «Атлетик Бильбаоға» қарсы Ла Лига матчына қатыса алмайды. Алайда, ол «Барселонаға» қарсы өтетін Испания Кубогының финалында командасына көмектесе алады.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе осы маусымда «Реал» сапында 49 матчта 33 гол соғып үлгерді. Қазіргі таңда мадридтік клуб чемпионат кестесінде екінші орында тұр және көш бастап тұрған «Барселонадан» төрт ұпай қалып келеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!