Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Мбаппе бір матчқа дисквалификацияланды

COPE хабарлауынша, Килиан Мбаппе «Алавеспен» болған матчта алаңнан қуылғаны үшін бір матчқа шеттетілді. Ол алдағы турда «Реалдың» «Атлетикке» қарсы кездесуіне қатыспайды.

Оқиға 38-ші минутта орын алды — француз шабуылшысы алаң ортасында Антонио Бланконың сирағына тіземен соққы жасаған. Бастапқыда төреші Сесар Сото Градо Мбаппеге сары қағаз көрсеткен, алайда VAR жүйесін қараған соң шешімін өзгертіп, қызыл қағазбен жазалады.

Дегенмен «Реал» бұл кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Ла Лиганың 32-ші турында үш ұпай еншіледі.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!