Оқу уақыты: 2 мин

Майнц – Байер: Бундеслига ойынына болжам (17.05.2025)

Майнц – Байер: Бундеслига ойынына болжам (17.05.2025)

2025 жылғы 17 мамыр күні Астана уақытымен 18:30-да Германия чемпионатының соңғы туры аясында «Майнц» пен «Байер» арасындағы матч өтеді. Букмекерлер бұл кездесуде алаң иелерін аздаған фаворит ретінде бағалап отыр. Командалардың қазіргі формасы мен турнирлік мотивациясын саралап, бұл ойындағы ең қызықты ставканы анықтап көрейік.

Майнц

Соңғы тур алдында «ноль-пятые» турнирлік кестеде алтыншы орында тұр. Жоғары көтерілуі екіталай. Ол үшін өздерінің сенімді жеңісімен қатар, дортмундтық «Боруссияның» маусымда ештеңеге ұмтылмайтын «Хольштайннан» ірі есеппен жеңілуі қажет. Соған қарамастан, Бо Хенриксеннің командасында мотивация өте жоғары. Майнцқа ұпай жоғалтуға болмайды, себебі артынан дәл сондай ұпайы бар, тек доп айырмашылығынан ғана артта тұрған «Лейпциг» қысым көрсетіп тұр.

Сонымен бірге, «ноль-пятыхтың» қазіргі формасы жанкүйерлерде алаңдаушылық тудырады. Команда мұндай жағдайға жеткізбей, топ-4-те ертерек тұрақтап қалуға мүмкін еді, бірақ оған күш-жігер жетпеді. Өткен турда Майнц турнирдің басты аутсайдері – «Бохумды» 4:1 есебімен жеңіп, жеңіссіз жеті матчтық серияны үзді.

Байер

Леверкузендіктердің жағдайы біршама жеңіл. Команда ешқандай турнирлік қысым көріп отырған жоқ, турнир кестесінде екінші орында. «Бавариядан» 11 ұпайға қалып қойған. Бундеслигада үшінші орынмен арадағы айырмашылық та – 11 ұпай. Назар аударатын жайт – «Байер» соңғы бес матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жеткен.

Команда үшін жалғыз мотивация – маусымды жақсы нотада аяқтау. Осылайша, олар Хаби Алонсоға өткен жылғы чемпиондық және атқарған еңбегі үшін алғыс білдіре алады. Айта кетейік, маман жақын арада «Реал Мадридті» баптайды. Бірақ бұл жаңалық кейбір ойыншылардың көңіл-күйіне кері әсер етуі де мүмкін.

Статистика және жеке кездесулер

Соңғы бес өзара кездесудің төртеуінде «Байер» жеңіске жеткен. Биылғы маусымдағы алғашқы ойын да «фармацевтердің» пайдасына аяқталған (1:0).

Болжам

«Майнц» – «Байер» матчында нақты жеңімпазды болжау қиын. Ең алдымен, қонақтардың бұл ойынға қандай көңіл-күймен келетінін және оң нәтижеге жетуге ынтасы бар-жоғын болжау қиын. Ал «ноль-пятымға» тек жеңіс қажет. Әйтпесе, келесі маусымда еурокубоктан тыс қалуы мүмкін. Осындай жағдайда тотал 2.5 көп (яғни матчта үш немесе одан да көп гол соғылады) деген ставка қызықты көрінеді. Коэффициенті – 1.56.

Біздің парақшамыздағы барлық футбол матчтарының нәтижелерін бірінші болып біліңіз Тікелей нәтижелер