21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Майкл Чендлер Пэдди Пимблетті әлеуметтік желіде келемеждеді

Майкл Чендлер Пэдди Пимблетті әлеуметтік желіде келемеждеді

Майкл Чендлердің инстаграмындағы ақпарат бойынша UFC жеңіл салмақтағы спортшысы өзінің болашақ қарсыласын жақсы ниетпен әзілдеді.

Әлеуметтік-желілерде Чендлер Пэдди Пимблеттің мінез-құлқын (ол өзінің эксцентрлік қарым-қатынас стилі мен қимылдарымен танымал) дәл көшіріп бейнежазба жариялады.

«Жаттығу лагерінде алға жылжудамыз, шыңда кездескенше!» − деп жазды америкалық жауынгер өз жазбасында.

Пимблетт пародияға әзілмен жауап беріп түсініктеме қалдырды:

«Иә Майк! Мына жігітті жақсы көремін: шыңда кездескенше бауырым»

Еске сала кетейік екі жауынгер октагонда екі айдан соң − 13-сәуірде кездеседі.