28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Маусымдағы 60 матч: Лука Модрич жаңа рекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Маусымдағы 60 матч: Лука Модрич жаңа рекорд орнатты

Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінде соңғы ойынын өткізген Лука Модрич бір маусымда 60 матч өткізіп, өзінің жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін хорват футболшысының ең көп ойын саны — 2012/13 жылғы алғашқы маусымында тіркелген 53 матч еді.

АҚШ-та өтіп жатқан турнир — Модричтің «Реалдағы» соңғы жарысы. Ол клубтан кететінін мамыр айында ресми түрде мәлімдеген. 24 мамырда Сантьяго Бернабеу стадионында жанкүйерлерімен қоштасқан.

12 жыл ішінде Модрич мадридтік клуб сапында 593 матч өткізіп, 43 гол соғып, 95 нәтижелі пас берген. Ол «Реалмен» бірге 28 трофей жеңіп алып, клуб тарихындағы ең титулды ойыншы атанды.