26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Матеуш Кунья Манчестер Юнайтедке 62,5 млн фунтқа ауысуға жақын

Матеуш Кунья Манчестер Юнайтедке 62,5 млн фунтқа ауысуға жақын

BBC Sport мәліметінше, Матеуш Кунья «Вулверхэмптоннан» «Манчестер Юнайтедке» ауысуға жақын — трансфер сомасы 62,5 миллион фунт стерлингті құрайды.

Манчестерлік клуб соманы үш бөлікпен төлемек — бірінші төлем 20,8 миллион фунт көлемінде келісім жасалған соң бірден төленеді, екінші төлем келесі маусым соңында, ал соңғы бөлігі 2027 жылдың жазында төленеді.

2023 жылдың қаңтарында «Атлетико Мадридтен» «Вулверхэмптонға» ауысқан 25 жастағы бразилиялық шабуылшы клуб сапында 92 матч өткізіп, 33 гол соқты.

«Жеке тұрғыдан бұл менің өміріндегі ең үздік маусын болды. Мен Роберто Фирмино және Габриэль Мартинеллимен қатар Премьер-лигада маусымда ең көп гол соққан бразилиялық болдым», — деп жазды Кунья әлеуметтік желілерде жанкүйерлермен қоштасу барысында.