31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Матч тағдыры 90 минутта шешіледі, жеңіс ПСЖ-ге бұйырады» — блогер Чемпиондар лигасының финалы туралы

«Матч тағдыры 90 минутта шешіледі, жеңіс ПСЖ-ге бұйырады» — блогер Чемпиондар лигасының финалы туралы

Футбол блогері Бексұлтан Кеулімқос Sport Pulse порталына «ПСЖ» мен «Интер» арасындағы Чемпиондар лигасының ақтық ойынына болжам айтты.

— Болжам жасауға ең қиын матч — бұл, әрине, финал. 90 минуттық кездесуде кез келген кездейсоқтық орын алып, матч тағдыры бір ғана микро-эпизодта шешіліп кетуі мүмкін. Дегенмен, бірнеше болжам жасап көрейін, менің ойымша матч тағдыры 90 минутта шешілетін сияқты, сосын бұл ойында кемі 3 гол соғылады, ал чемпион — «ПСЖ».

Ақтық матчтың тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалауға болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!