11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ливерпуль» – ПСЖ ойыны нәтижелі болады – футбол блогері Чемпиондар лигасында өтетін матч туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Наурыздың 11-нен 12-не қараған түні «Ливерпуль» әйгілі «Энфилдте» Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчында ПСЖ-ні қабылдайды.

Париждегі алғашқы кездесу ағылшындардың жеңісімен аяқталған: Жалғыз голдың авторы Харви Эллиотт. Ол 87-минутта көзге түсті.

Париждіктердің бірнеше рет доп соғатын мүмкіндіктері болған – Хвича Кварацхелияның жойқын соққылары қарсылас қақпаға қауіп төндірді, алайда оның бір голы сәл ғана офсайд болғандықтан есепке алынбады. Енді ПСЖ аяқдопшыларына жарыстың келесі кезеңіне өту үшін, қақпасына доп өткізбей, кем дегенде екі гол соғу қажет.

Sport Pulse тілшісіне сұхбат берген футбол блогері Бексұлтан Кеулімқос алдағы матчқа болжам жасады:

«Ливерпуль» Парижде өткен бірінші ойында ірі есеппен ұтылмауды мақсат еткен команда сияқты көрінді. Алайда өз алаңында, «Энфилдте», олар дәстүрлі түрде агрессивті ойын көрсетеді. Бұл матчта көп гол болады деп күтемін, бірақ кім қарсылас қақпаға көбірек доп соғатынын айту қиын».

Ливерпуль – ПСЖ

Күні: 12 наурыз

Уақыты: 01:00 (тікелей көрсетілім 00:50-де басталады)

Стадион: «Энфилд», Ливерпуль

Көрсетілім: Qazsport

Бұған дейін Sport Pulse Чемпиондар лигасының 1/8 финалының барлық жауапты матчтарына футбол блогерінің болжамын жариялаған болатын.

Басты сурет: UEFA.com/ПСЖ – Ливерпуль