06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды

Африка аймағы іріктеуінің 7-туырында Марокко құрамасы Нигерді 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, ЧМ-2026 турниріне алдын ала қатысу құқығын қамтамасыз етті.

Голдар:
29′, 38′ — Исмаэль Сайбари (дубль);
51′ — Айюб Эль-Кааби;
69′ — Хамза Игаман;
85′ — Аззедин Унаи.

Нигер 26-минуттан бастап он ойыншымен қалды — Гумей алаңнан қуылды.

Марокконың алда екі ойыны бар: 8 қыркүйекте Замбиямен, 13 қазанда Конгомен кездеседі.

Бұған дейін әлем чемпионатына жолдаманы Мексика, АҚШ және Канада (турнир иелері), сондай-ақ Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Иордания, Австралия, Өзбекстан, Жаңа Зеландия, Аргентина, Эквадор, Бразилия, Колумбия, Уругвай және Парагвай қамтамасыз еткен.