20.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мароккалық қорғаушы Хакими жыл ойыншысы болып танылды

Мароккалық қорғаушы Хакими жыл ойыншысы болып танылды

«ПСЖ» және Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың жыл футболшысы атағын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Африка футбол конфедерациясы тағайындаған бұл марапат үшін ол мысырлық Мохаммед Салахты («Ливерпуль») және нигериялық Виктор Осимхенді («Галатасарай») артта қалдырды.

2024/25 маусымында Хакими «ПСЖ» сапында Чемпиондар лигасын, Франция чемпионатын, сондай-ақ ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алған еді.