Оқу уақыты: 1 мин

Марлон Веласко: «Финалда берілдік — бұл «Қайрат» емес»

Марлон Веласко: «Финалда берілдік — бұл «Қайрат» емес»

УЕФА Чемпиондар лигасының финалында испандық «Пальмаға» 4:9 есебімен жеңілген алматылық «Қайраттың» бас бапкері Марлон Веласко матчтан кейін өз пікірін білдірді.

Веласконың айтуынша:

«Өте қиын болатынын білдік. Қарсылас бірінші голды соққанда бәрі қиындай түсті. Біз есепті теңестіре алдық. Алғашқы 18 минут жақсы ойнадық, бірақ келесі екі гол ауыр соққы болды. Финалда соңына дейін күресе білу керек. Біз мұны істей алмадық. Төртінші голдан кейін команда берілді. Бұл тактикалық емес, психологиялық мәселе болды. Бұл — әлемдегі ең үздік клубтық турнирдің финалы. Мұнда тек екі команда шығады. Сондықтан бүкіл матч бойы шоғырлану қажет. Өкінішке қарай, екінші таймдағы бейнеміз — бұл “Қайрат” емес».

«Қайрат» футзалдан Еуропа финалында жеңіліп қалғанымен, маусымды құрметке лайық көрсеткішпен аяқтады.