Оқу уақыты: 1 мин

Марко Контрерас: «Жәнібек – өте техникалық боксшы»

Марко Контрерас: «Жәнібек – өте техникалық боксшы»

Орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының командасына жақында қосылған америкалық бапкер Марко Контрерас қазақстандық боксшы туралы пікір білдірді.

5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін кештің басты жекпе-жегінде Әлімханұлы француз үміткері Анауэль Нгамиссенгеге қарсы чемпиондық белбеулерін қорғайды.

«Жәнібек өте техникалық боксшы. Оның жақсы күші және керемет қорғанысы бар», — деді Контрерас журналист Франсиско Саласарға берген сұхбатында.

Білікті маман арнайы түрде «Қазақ стилі» жаттығу лагеріне қосылу үшін Қазақстанға келді. Оның тәжірибесінде Александр Гвоздик пен Эгидиюс Каваляускас секілді танымал боксшылармен жұмыс істеу бар.