10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Маркиньос Арсеналдан Бразилия клубына ауысты

Маркиньос Арсеналдан Бразилия клубына ауысты

Лондонның «Арсеналы» бразилиялық қанатшабуылшы Маркиньосты «Крузейроға» саттық деп жариялады.

22 жастағы футболшы «зеңбірекшілерге» шамамен үш жыл бұрын қосылған — осы уақыт ішінде ол бірнеше клубта жалға ойнап үлгерді:

  • «Норвич Сити»
  • «Нант»
  • «Флуминенсе»
  • «Крузейро»

Лондон клубының құрамында Маркиньос небәрі алты матч өткізді — оның жалғыз голы Еуропа Лигасында соғылды.