01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Марин Томасов ҚПЛ-де «Астана» сапындағы 200-матчын өткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Марин Томасов ҚПЛ-де «Астана» сапындағы 200-матчын өткізді

Хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» сапындағы 200-матчын өткізді. Мерейтойлы кездесу елордалық клубтың «Тұранға» қарсы ірі жеңісімен тұспа-тұс келді — 7:0.

37 жастағы Томасов — Қазақстан чемпионатында «Астана» жейдесінде 200 матч өткізген тарихтағы төртінші ойыншы.

Ол елордалық клубтағы алғашқы ойынын 2017 жылдың 11 тамызында сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өткізді (3:0). Сол кездесуде негізгі құрамда шыққан хорват 67-минутта Патрик Твумасиге жол берген. Ал алғашқы голын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Атырау» қақпасына соғып, бірден дубль авторы атанған.

Бүгінде Марин Томасов ҚПЛ аясында «Астана» сапында 200 ойын өткізіп, 91 голмен көзге түскен.

Чемпионаттағы ойын саны бойынша Томасов тек Абзал Бейсебеков (306 матч), Ненад Эрич (227), Дмитрий Шомко (201) сынды клуб аңыздарына ғана жол береді. Үздік бестікті Танат Нүсербаев (151 матч) түйіндейді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!