Оқу уақыты: 1 мин

Марэска: Конференциялар лигасындағы жеңіс — «Челсидің» қайта өрлеуінің бастауы

Марэска: Конференциялар лигасындағы жеңіс — «Челсидің» қайта өрлеуінің бастауы

«Челси» бас бапкері Энцо Марэска командасының Конференциялар лигасында көрсетіп жатқан ойыны клубтың жаңа деңгейге қайта оралғанының белгісі екенін айтты. Лондондықтар жартылай финалдың алғашқы матчында шведтің «Юргорден» клубын 4:1 есебімен жеңді.

Марэсканың пікірінше, еурокубоктағы бұл жол — команда үшін өз мүмкіндігін дәлелдеудің тамаша мүмкіндігі.

«Егер біз дәл қазір осы турнирде ойнап жатсақ — демек, бұл біздің деңгейіміз. Жеңіске жету — ұжымның рухын қалыптастыруға көмектеседі», — деді италиялық маман.

Айта кетейік, «Челси» Еуропадағы барлық клубтық турнирлерді ұтқан алғашқы клуб атануы мүмкін. Финал Вроцлав қаласында өтеді, онда «Челси» — «Юргорден» жұбының жеңімпазы «Реал Бетис» немесе «Фиорентинамен» кездеседі.

Лондондық клуб пен швед командасының нарықтық құнындағы айырмашылық — 44 есеге жуық. Соған қарамастан, «Юргорден» 6000-ға жуық жанкүйерін «Стэмфорд Бриджге» алып келмек.