Оқу уақыты: 1 мин

Мареска: «Чемпиондар лигасына тек Палмер ғана емес, басқалар да лайық»

Мареска: «Чемпиондар лигасына тек Палмер ғана емес, басқалар да лайық»

«Челси» бас бапкері Энцо Мареска Коул Палмер, Энцо Фернандес, Мойзес Кайседо және Леви Колвилл сынды ойыншылардың Чемпиондар лигасында ойнауға лайық екенін мәлімдеді.

Жуырда «Ньюкаслдан» жеңілгеннен кейін лондондықтар басты еурокубокқа қатысу үшін қалған екі матчта — «Манчестер Юнайтед» пен «Ноттингем Форестке» қарсы кездесулерде жеңіске жетуі тиіс.

«Әрине, Чемпиондар лигасында ойнауға тек Коул ғана емес — Мойзес, Энцо Фернандес және Леви Колвилл де лайық. Бізде турнир деңгейіне сай мәртебесі бар көптеген ойыншылар бар», — деді Мареска.

Италиялық маман команданың маусым бойы тұрақты ойнағанын атап өтіп, үздік бестікке кіруге дайын екенін айтты. Ал алдағы ойындарда «Челси» «Ньюкаслмен» кездесуде қызыл қағаз алған шабуылшы Николас Джексонның көмегінсіз өнер көрсетеді.