08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Марат Омаров ұлттық құрама бапкерінің қызметінен кетуіне нқатысты пікір білдірді

Марат Омаров ұлттық құрама бапкерінің қызметінен кетуіне нқатысты пікір білдірді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Бельгиядан жеңілгеннен кейін (0:6) қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы мәлімдемеге байланысты ҚФФ президенті Марат Омаров пікір білдірді:

«Әли Әлиев өзіне қойылған тапсырмалардың кейбірін орындады. Құрам жасарды, орташа жас 25–26-ға жетті. Бірақ нәтижелер көңілден шықпай отыр. Алдағы уақытта барлығын бірлесе отырып шешеміз. Әли Ханиұлымен келісімшарт бар, заңдық тұстарын қарап, келген соң талқылаймыз. Сол кезде жаңа кандидатура мен тиісті шешімдерді қарастырамыз», – деді Омаров.

Сонымен қатар, Марат Омаров ұлттық құрама бапкеріне әзірге лайықты кандидат таппағанын да атап өтті.