18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Марат Байқамұров дзюдодан әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Марат Байқамұров дзюдодан әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Қазақ дзюдошысы Марат Байқамұров Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алды. Ол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.

Турнирді екінші айналымнан бастаған спортшымыз Куба өкілі Заиль Рамиресті сенімді жеңді.

Келесі кезеңде Байқамұров олимпиада чемпионы, салмақ дәрежесіндегі басты фавориттердің бірі – әзербайжандық Зелим Коцоевпен кездеседі.

Айта кетейік, осы салмақта тағы бір қазақстандық балуан Нұрлыхан Шархан да жарысқа қатысқан болатын. Ол алғашқы айналымда жеңіске жеткенімен, екінші кездесуінде бразилиялық Леонардо Гонсалвеске жол беріп, жарысты тоқтатты.