20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Mantis FISSURE Universe турниріне қатысатын командаларға баға берді

Cybersport.ru мәліметінше, танымал комментатор Ернар «Mantis» Уразбаев Dota 2 бойынша өтетін FISSURE Universe: Episode 4 турниріндегі командалардың мүмкіндіктерін сараптады. Жарыстың жүлде қоры – 500 мың доллар. Турнир екі күннен кейін басталады.

Бұл додаға 16 команда қатысады, оның жартысы – Шығыс Еуропа өкілдері. Mantis ТМД командаларын олардың қазіргі формасы мен әлеуетіне қарай төмендегідей орналастырды:

  1. Team Spirit
  2. PARIVISION
  3. BetBoom Team
  4. Aurora Gaming
  5. Night Pulse
  6. 1win Team және One Move

Комментатор PARIVISION командасын ерекше атап өтті. «Бұл команда турнирдің басты жаңалығы болуы мүмкін», – дейді Mantis.

Сондай-ақ, ол Crystallis-тің ойынын жоғары бағалады:

«Антон мансабында феноменалды деңгей көрсетті, тым жоғары стандарт қойды. Бірақ Crystallis-тің ерекшелігі – көзге түспей, басқа екі кор-ойыншыға мүмкіндік беру. Бұл қазіргі сәтте Tundra-ға қажет нәрсе деп ойламаймын», – деп пікір білдірді Уразбаев.

FISSURE Universe: Episode 4 турнирі 30 наурызға дейін жалғасады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!