18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мансур Болат: «Академияда бізге барлық жағдай жасалған».

Мансур Болат: «Академияда бізге барлық жағдай жасалған».

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Талғар қаласында орналасқан академиясына FIFA мәртебесі табысталды. Іс-шара барысында академия шәкірттері ашық жаттығу өткізіп, өзара жолдастық кездесу өткізді. 

Академия шәкірттерінің бірі Атырау қаласының тумасы Мансур Болат Sport Pulse тілшісіне берген сұхбатында академияда жасалған жағдай туралы айтып берді.

Академияда атақты футболшы болуға барлық жағдай жасалған. Жатын орындары, тамағы — барлығы ұнайды. Сонымен қатар, мұндағы бапкерлер мен барлық қызметкерлердің бізге деген қарым-қатынасы өте керемет. Бізге арнайы гранттар бөлінеді. Бұл — қазақ футболындағы жоғары деңгейде ұйымдастырылған жоба деп ойлаймын.

Мансур «Қайрат» футбол клубының академиясымен жолдастық кездесулер өткізіп тұратынын айтты.

«Қайрат» футбол клубының шәкірттерімен жолдастық кездесу өткіздік. Ал әзірге «Атлетико Мадрид» командасының тәрбиеленушілерімен ойнап үлгермедік. Себебі оларда біздің жасымыздағы ойыншылар әлі толық жиналмаған. Дегенмен алдағы уақытта олармен де кездесеміз деген үміттемін.

Айта кетейік, әлем бойынша FIFA-ның 30-дан астам таланттар академиясы жұмыс істеп тұр. Енді олардың қатарына ҚФФ академиясы да қосылды.