Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Мансабында ең көп табыс тапқан ТОП-10 спортшының тізімі жарияланды

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Sportico басылымы өз мансабында ең көп табыс тапқан ТОП-10 спортшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімді байлығы 4,15 миллиард долларға бағаланған аты аңызға айналған баскетболшы Майкл Джордан бастап тұр. Екінші орында гольф ойыншысы Тайгер Вудс, ал үздік үштікті португалиялық футболшы Криштиану Роналду түйіндеп тұр.

Sportico нұсқасы бойынша барлық уақыттағы ең көп табыс табатын ТОП 10 спортшы:

Майкл Джордан (АҚШ, баскетбол) — 4.15 миллиард доллар

Тайгер Вудс (АҚШ, гольф) — 2.79 миллиард

Криштиану Роналду (Португалия, футбол) — 2.23 миллиард

Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) — 1.88 миллиард

Лионель Месси (Аргентина, футбол) — 1.85 миллиард

Арнольд Пальмер (АҚШ, гольф) — 1.82 миллиард

Джек Никлас (АҚШ, гольф) — 1.75 миллиард

Дэвид Бекхэм (Ұлыбритания, футбол) — 1.61 миллиард

Роджер Федерер (Швейцария, теннис) — 1.59 миллиард

Флойд Мейвезер (АҚШ, бокс) — 1.52 миллиард