28.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Мансабын аяқтады деген Дидар Хамза екінші рет халықаралық жарысқа қатыспақ

Қазақстан дзюдошылары ақпан айының ортасында Бакуде өтетін Гранд Слэм турнирінде белдеседі. Бұған дейін мәлім болған спортшылар құрамы қайта жаңартылып, тізім толығып отыр. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Олардың қатарында Данияр Құлышев (60 келі), Әбілқайыр Ұлықбек (60 келі), Берікұлы Әділет (66 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Ислам Тоқтасын (73 келі), Дидар Хамза (90 келі), Ратаев Қуаныш (90 келі), Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) сынды спортшылар бар.

Айта кететін жайт, Қытайда өткен Азия ойындарынан кейін мансабын аяқтаған Дидар Хамза осымен екінші рет халықаралық додаға қатысқалы отыр. 2023 жылы «татамимен қош айтыстым» деген спортшы былтыр мамырда Душанбеде өткен Гранд Слэм бәсекесінен кейін Бакуде сынға түсуге бел буып отыр. Тағы бір мәселе, спортшы былтыр қараша айында Ақтөбеде өткен ел чемпионатында күресіп, жүлдесіз қалған еді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!