Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед пен Тоттенхэм Чемпиондар лигасына жолдама үшін күреседі

Манчестер Юнайтед пен Тоттенхэм Чемпиондар лигасына жолдама үшін күреседі

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бапкері Рене Мёленстен «Тоттенхэмге» қарсы Еуропа лигасының финалын клуб үшін шешуші сәт деп санайды.

«Еуропа лигасындағы жеңіс апатты маусынның орнын толтыра алмайды, бірақ бұл жарық сәуле болар еді. Егер біз жеңбесек, клубтың болашағына қатты алаңдаймын», — деді Мёленстен.

Футбол қаржысының сарапшысы Киран Магуайр матчтың ерекше маңыздылығын атап өтті — Чемпиондар лигасына қатысу клубқа билеттерден, трансляциялардан және демеушілік бонустардан 100 миллион фунттан астам табыс әкелуі мүмкін.

«Манчестер Юнайтед» бұл жеңіске ерекше мұқтаж — клубтың қарызы бір миллиард фунттан асады және Премьер-лиганың қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзу қаупі бар. Жағдайды чемпионаттағы 16-орын — соңғы 50 жылдағы ең нашар нәтиже қиындатып отыр.

«Тоттенхэм» үшін финал да үлкен маңызға ие — лондондық клуб 2008 жылдан бері трофей жеңіп алған жоқ. Алайда «шпорлардың» қаржылық жағдайы манчестерлік клубқа қарағанда әлдеқайда тұрақты.

Шешуші матч өзінің қайта түлеуімен танымал Бильбаода өтеді, бұл бұрынғы ұлылығына қайта оралу жолын іздеп жүрген екі команда үшін де символдық мәнге ие.