Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» тарихи ағылшын финалына жақын

«Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» тарихи ағылшын финалына жақын

Opta мәліметтері бойынша, Манчестер Юнайтед пен Тоттенхэм Еуропа лигасының тарихи ағылшын финалын құруға шешуші қадам жасады. Командалар турнирдің алғашқы жартылай финалдық ойындарында сенімді жеңіске жетті.

Манчестер Юнайтед сырт алаңда испандық Атлетикті 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, Тоттенхэм өз алаңында норвегиялық Будё-Глимтті 3:1 есебімен ұтты. Статистиктер манкунианцтардың финалға шығу мүмкіндігін 97%, ал лондондықтардың мүмкіндігін 91% деп бағалайды.

Турнирдегі жеңіс екі команда үшін де өте маңызды — олар Англия чемпионатында төменгі орындарда тұр және Чемпиондар лигасына тек Еуропа лигасындағы жеңіс арқылы ғана шыға алады. Финалдық матч Бильбаода өтеді.

Еуропалық турнирлер тарихында бес ағылшын финалы болған:

  • 1972 жыл — Тоттенхэм Вулверхэмптонға қарсы
  • 2008 жыл — Манчестер Юнайтед Челсиге қарсы
  • 2019 жыл — Ливерпуль Тоттенхэмге қарсы
  • 2019 жыл — Челси Арсеналға қарсы
  • 2021 жыл — Челси Манчестер Ситиге қарсы