Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед Гарначоның бағасын белгіледі

Манчестер Юнайтед Гарначоның бағасын белгіледі

Daily Mail мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» Алехандро Гарначоның бағасын анықтады — клуб аргентиналық қанатшабуылшының трансфері үшін 60-70 миллион фунт стерлинг алуды жоспарлап отыр.

Манкунианцтердің жаттықтырушысы Рубен Аморим 20 жастағы футболшыға жаңа команда іздеу керектігін хабарлады. Қаңтар айында «қызыл жындар» «Наполидің» ойыншыны алу туралы ұсынысынан бас тартқан.

Ағымдағы АПЛ маусымында Гарначо 36 матчқа қатысты — оның еншісінде 6 гол мен 2 нәтижелі пас бар.