Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед Еуропа лигасының финалынан жеңіліп, трофейсіз қалды

Манчестер Юнайтед Еуропа лигасының финалынан жеңіліп, трофейсіз қалды

Манчестер Юнайтед командасы бас бапкер Рубен Аморимнің жетекшілігімен Еуропа лигасының финалында Тоттенхэмнен 0:1 есебімен жеңілді.

Биылғы маусым манкуниандықтар үшін сәтсіз болды — клуб бірде-бір трофей жеңіп ала алмады. Титулдар үшін күресте команда:

  • Англия Суперкубогында «Манчестер Ситиден» жеңілді
  • Лига кубогының ширек финалында «Тоттенхэмнен» ұтылып қалды
  • Англия Кубогының бесінші кезеңінде «Фулхэмге» есе жіберді
  • Чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда АПЛ-да 16-орында тұр

«Қызыл жындар» соңғы рет үш жыл бұрын — 2021/22 маусымында трофейсіз қалған болатын. Содан кейін команда 2023 жылы Лига кубогын және өткен маусымда Англия Кубогын жеңіп алған еді.