26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Юнайтед» бапкері клубтағы жаппай қысқартуларға жауап берді

Рубен Аморим «Манчестер Юнайтедтегі» қысқартулар туралы пікір білдірді.

Клуб қайта құрылымдау және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту аясында 150-200 жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады.

«Бұл өте қиын! Биылғы маусым бәріне ауыр соғып жатыр. Біз клуб ретінде көптеген өзгерістерден өттік. Егер команда жақсы ойнап, жеңіске жетсе, жанкүйерлер мен клуб қызметкерлеріне бұл өзгерістерді қабылдау жеңілірек болар еді», – деді португалиялық маман.

Сондай-ақ, ол қазіргі кезеңнің қиын екенін атап өтті. «Ұйым ішінде де, ойын тұрғысынан да оңай емес. Бірақ біз жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін қажырлы еңбек етуді жалғастыруымыз керек», – деді Аморим.