04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» жазғы трансфер стратегиясын анықтады

«Манчестер Юнайтед» жазғы трансфер стратегиясын анықтады

Sky Sports мәліметі бойынша, Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтедте» қалу туралы шешім қабылдады — португалдық жартылай қорғаушы сауд-арабиялық «Әл-Хилялдың» ұсынысынан бас тартты.

Манчестерліктердің бас бапкері Рубен Аморим нақты трансферлік стратегияны белгіледі — клуб Премьер-лиганың тәжірибелі ойыншыларын сатып алуды жоспарлап отыр. Басымдық өткен маусымда екеуі 35 гол соққан «Вулверхэмптонның» Матеус Куньясы мен «Брентфордтың» Брайан Мбемосына беріліп отыр.

«Біз не қалайтынымыз туралы нақты түсінігім бар. Білетініңіздей, біз біраз шектеуліміз және бәрін бір жазда жасай алмаймыз. Бірақ бізге не керек екені жайлы сурет — анық», — деді Аморим.

Клуб бапкердің жоспарына кірмейтін ойыншыларды сату мәселесін шешуі керек:

  • Джейдон Санчо
  • Антони
  • Маркус Рэшфорд
  • Алехандро Гарначо

Келесі маусымда еурокубоктардың болмауы «Манчестер Юнайтедтің» қаржылық мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді — техникалық директор Джейсон Уилкокс пен бас келіссөзші Мэтт Харгривз сату мен сатып алу арасындағы тепе-теңдікті табуы керек.