14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» жазда тағы төрт ойыншыны сатып алғысы келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Юнайтед» жазда тағы төрт ойыншыны сатып алғысы келеді

«Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Рубен Аморим бұл жазғы трансферлік терезеде тағы төрт футболшыны қатарға қосуды жоспарлап отыр. Клуб бұған дейін «Вулверхэмптоннан» шабуылшы Матеус Куньоны 62,5 миллион фунтқа сатып алған болатын, алайда бұлмен шектелуді ойламай отыр.

Daily Mirror басылымының мәліметінше, «Юнайтед» қазір «Брентфорд» командасының вингері Бриан Мбемоға қызығушылық танытуда. Айта кетейік, оның бұрынғы бапкері Томас Франк қазіргі таңда «Тоттенхэмнің» бас бапкері ретінде де ойыншыға талас жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар клуб орталық шабуылшы іздеуде: шорт-листте «Спортингтің» сұрмергені Виктор Дьекереш және «Наполидің» жұлдызы Виктор Осимхен бар. Бұдан бөлек, Аморим орталық жартылай алаң мен қақпашы позициясын да күшейтуді көздеп отыр.

Құрамда өзгерістер болуы мүмкін: Кристиан Эриксенмен қоштасу жоспары қарастырылып жатса, қақпашылар Андре Онана мен Алтай Байындырының болашағы да әлі белгісіз. Осимхеннің «Наполимен» келісімшарты 2026 жылға дейін, ал трансфер құны 120 миллион еуроға бағаланып отыр. Мбемо өткен маусымда АПЛ-де 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Ал Дьекереш «Спортинг» сапында 27 голмен Португалия чемпионатының сұрмергені атанды.