29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» жас қақпашымен келісімшартты ұзартып, арендаға жіберді

«Манчестер Юнайтед» жас қақпашымен келісімшартты ұзартып, арендаға жіберді

«Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтының хабарлауынша, Радек Витек клубпен жаңа келісімшарт жасасты — келісім 2028 жылға дейін жарамды. Келісімшартқа қол қойылған соң, чех қақпашысы «Бристоль Ситиге» бір жылдық арендаға жіберілді.

Өткен маусымда 21 жастағы қақпашы Австрияның «Блау-Вайсс Линц» клубының намысын қорғады — ел чемпионатында ол 26 матч өткізіп, 35 доп жіберіп алды.