13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» Томас Тухельді енді бапкерлікке үміткер ретінде қарастырмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Юнайтед» Томас Тухельді енді бапкерлікке үміткер ретінде қарастырмайды

«Манчестер Юнайтед» клубы ағылшын құрамасының бас бапкері Томас Тухельді маусым барысында Рубен Аморимнің орнына шақыру мүмкіндігін толықтай жоққа шығарды.

Бұған дейін Тухельдің кандидатурасы Эрик тен Хагтың болашағына қатысты талқылаулар кезінде қарастырылған еді. Тіпті неміс маманы клубтың иелерінің бірі сэр Джим Рэтклиффпен кездескен болатын.

Алайда ақпарат көздерінің мәліметінше, қазіргі таңда Тухель «МЮ» басшылығының жоспарында жоқ.

Неміс маманы қазір Англия құрамасындағы жұмысына толықтай көңіл бөліп отыр. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін есептелген 18 айлық келісімшартын соңына дейін орындауға ниетті.