10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» «Спортинг» шабуылшысының трансферін талқылауда

«Манчестер Юнайтед» «Спортинг» шабуылшысының трансферін талқылауда

Sky Sports мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» делдалдар арқылы «Спортингпен» Виктор Дьокерешті сатып алу туралы келіссөздер бастады.

Швед шабуылшысы — бұрын португал клубында онымен жұмыс істеген Рубен Аморимнің басты таңдауы. Манкунианцтер Расмус Хейлундтің командада қалу шешіміне қарамастан, шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр.

Өткен маусымда Дьокереш Португалия чемпионатының 33 ойынында 39 гол соғып, 7 голдық пас берген керемет көрсеткішке қол жеткізді. «Манчестер Юнайтед» шабуылды күшейтудің басқа нұсқаларын да қарастыруда.