24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед Мбемоны трансфер бойынша жақсартылған ұсыныс жасады

Манчестер Юнайтед Мбемоны трансфер бойынша жақсартылған ұсыныс жасады

Брайан Мбемо осы жазда Брентфордтан кетуі мүмкін — Манчестер Юнайтед камерундық шабуылшының трансфері бойынша жақсартылған ұсыныс жасады.

Мбемо «аралар» сапында 20 гол соғып, тамаша маусым өткізгеннен кейін, 25 жастағы шабуылшыға қызығушылық айтарлықтай өсті — «қызыл жындар» оның трансфері үшін 60 миллион фунттан астам ұсынды.

Манчестерліктердің бұған дейінгі 45 миллион фунт және 10 миллион бонус түріндегі ұсынысын Брентфорд басшылығы қабылдамаған болатын. Камерундық ойыншы үшін күреске басқа клубтар да қосылды — Тоттенхэмнің жаңа бас бапкері Томас Франк ойыншымен қайта бірігуді қалайды, ал Чемпиондар лигасының бірнеше клубы белсенді қызығушылық танытуда.