25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» Мбемо үшін жақсартылған ұсыныс жасады

«Манчестер Юнайтед» Мбемо үшін жақсартылған ұсыныс жасады

ESPN мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» «Брентфордқа» Бриан Мбемо үшін жақсартылған трансферлік ұсыныс жасады — сома 60 миллион фунт стерлингтен асады.

Шабуылшыны сатып алу туралы келіссөздерге «Тоттенхэм» де қосылды — лондондық клуб 65 миллион фунт және қосымша 5 миллион бонус төлеуге дайын.

Манкундықтардың габондық футболшыға қызығушылығы түсінікті — өткен маусымда Мбемо әсерлі көрсеткішке қол жеткізді: Премьер-лигадағы 38 ойында 20 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» биыл ірі трансфер жасады — клуб «Вулверхэмптоннан» Матеус Куньюны 62,5 миллион фунтқа сатып алды.