18.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед Лидспен матчқа бес негізгі ойыншысыз құрамын жариялады

Манчестер Юнайтед Лидспен матчқа бес негізгі ойыншысыз құрамын жариялады

Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, Маркус Рэшфорд, Алехандро Гарначо, Антони, Джейдон Санчо және Тайрелл Малация «Лидске» қарсы достық кездесуге қатыспайды — олар Каррингтонда жаттығуларын жалғастырады.

«Қызыл жындардың» формасымен алғашқы ойынын «Вулверхэмптоннан» 62,5 миллион фунтқа ауысқан Матеус Кунья өткізуі мүмкін. Жарақат алған Джошуа Зиркзее, Андре Онана және Лисандро Мартинес команда құрамында болмайды.

  • Қақпашылар: Алтай Байиндир, Том Хитон, Дермот Ми
  • Қорғаушылар: Диого Далот, Нуссаир Мазрауи, Маттейс де Лигт, Гарри Магуайр, Патрик Дорг
  • Жартылай қорғаушылар: Мейсон Маунт, Бруно Фернандеш, Касемиро, Мануэль Угарте
  • Шабуылшылар: Расмус Хойлунд, Матеус Кунья, Амад, Чидо Оби

Стокгольмдегі матчтан кейін команда АҚШ-қа үш кездесу өткізетін турнеге аттанады. Құрамға Брайан Мбемо қосылуы мүмкін — «Брентфорд» камерундық қанатшының трансфері үшін 65 миллион фунт көлеміндегі ұсынысты қабылдады.