12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед бразилиялық шабуылшыны 62,5 млн фунтқа сатып алды

Манчестер Юнайтед бразилиялық шабуылшыны 62,5 млн фунтқа сатып алды

«Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтының хабарлауынша, клуб «Вулверхэмптоннан» Матеус Куньяны трансферлеуді аяқтады.

Бразилиялық шабуылшы бес жылдық келісімшартқа қол қойды — келісімде тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

26 жастағы шабуылшының трансфер сомасы 62,5 миллион фунт стерлингті құрады. Өткен АПЛ маусымында Кунья әсерлі көрсеткішке қол жеткізді — 33 ойында 15 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.