01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед Бавариядан Германия чемпионын қосып алды

Манчестер Юнайтед Бавариядан Германия чемпионын қосып алды

Юлия Зигиотти Олме «Манчестер Юнайтедтің» жаңа ойыншысы атанды — швед жартылай қорғаушысы Мюнхен «Бавориясынан» екі жылдық келісімшартпен ауысты, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

27 жастағы футболшы жуырда өткен Евро-2025-те Швеция құрамасы сапында өнер көрсетті, ағылшын Суперлигасында ойнау тәжірибесі бар — «Баварияға» ауыспас бұрын ол «Брайтонда» екі маусым өткізді.

Мюнхен клубы құрамында Зигиотти Олме екі трофей жеңіп алды — Германия чемпионаты мен ел Кубогы.

«Мен мұнда болғаныма және осы отбасының бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Соңғы бірнеше жыл бойы «Манчестер Юнайтедті» бақылап келдім және олардың ойынына таң қалдым. Бұл команда менің ойын стиліме сай келеді, ал әріптестеріммен танысу керемет өтті — олар мені туысындай қабылдады», — деді швед футболшысы.

Зигиоттидің «қызыл жендеттер» құрамындағы дебюті 7 қыркүйекте әйелдер Суперлигасының жаңа маусымы аясында «Лестер Ситиге» қарсы үй матчында өтуі мүмкін.