03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед Астон Вилла шабуылшысымен келіссөз бастады

Манчестер Юнайтед Астон Вилла шабуылшысымен келіссөз бастады

Mirror мәліметінше, Манчестер Юнайтед Англия құрамасының шабуылшысы Олли Уоткинсты трансферлеу бойынша «Астон Вилламен» келіссөздерді жандандырды. Бирмингем клубы 29 жастағы шабуылшыны 60 миллион фунт стерлингке бағалап отыр.

Сонымен қатар, трансфер нарығында «Челсидің» қақпашысы Джордже Петровичке қатысты бәсекелестік күшейіп келеді — серб қақпашысы бірнеше клубтың назарын аударды. 25 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отырған клубтар:

  • «Сандерленд»
  • «Астон Вилла»
  • «Борнмут»