21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» Аморим кезінде алғаш рет екі ойынды қатарынан өз алаңында жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Юнайтед» Аморим кезінде алғаш рет екі ойынды қатарынан өз алаңында жеңді

«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионаты аясында «Бернли» мен «Челсиді» тізе бүктіріп, Рубен Аморимнің жетекшілігімен алғаш рет өз алаңында қатарынан екі жеңіске қол жеткізді.

20 қыркүйекте «Олд Траффордта» өткен 5-тур матчында манкуниандықтар «Челсиді» 2:1 есебімен ұтса, оған дейін, 30 тамызда, «Бернлиді» 3:2 есебімен жеңген болатын.

Аморим 2024 жылдың қарашасында команданың тізгінін алғаннан бері бұл – клубтың алғашқы осындай жетістігі. Қазір бес турдан кейін «Юнайтед» 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орында тұр. Ал «Челси» 8 ұпайымен алтыншы орында.

Келесі турда 27 қыркүйекте «Манчестер Юнайтед» «Брентфордқа» қонаққа барады, ал «синілер» өз алаңында «Брайтонды» қабылдайды.