11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтед әлеуметтік желілердегі ең танымал ағылшын клубы атанды

Манчестер Юнайтед әлеуметтік желілердегі ең танымал ағылшын клубы атанды

CIES Football Observatory мәліметтері бойынша, Манчестер Юнайтед X, Instagram, Facebook, TikTok және YouTube платформаларындағы жалпы аудиториясы 233,6 миллион адамға жетіп, ағылшын клубтары арасында көш бастап тұр.

Әлемдік рейтингте ағылшын клубы үшінші орынға орналасты — алдында тек испандық алпауыттар Реал Мадрид пен Барселона тұр. Манчестер Сити 179,5 миллион жазылушымен жалпы есепте бесінші орынды иеленді.

Премьер-лиганың басқа өкілдері де әсерлі нәтижелер көрсетті:

  • Ливерпуль — 166,7 миллион жазылушы
  • Челси — 152,9 миллион
  • Арсенал — 114,1 миллион
  • Тоттенхэм — 108,1 миллион

Айта кетерлігі, Тоттенхэм соңғы жылда солтүстік лондондық бәсекелесінен аудитория өсімі бойынша 700 мың жазылушыға озып кетті. Әлемдік рейтингтің үздік 100-дігіне барлығы 15 ағылшын клубы енді, ал Лидс Юнайтед 6,4 миллион жазылушымен тізімді түйіндеді.