09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Манчестер Юнайтед» 85 млн еуроға Беньямин Шешконы сатып алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Манчестер Юнайтед» 85 млн еуроға Беньямин Шешконы сатып алды

«Манчестер Юнайтед» ресми түрде «РБ Лейпциг» шабуылшысы, 22 жастағы словениялық Беньямин Шешконы қатарға қосты. Келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген.

Шешко неміс клубында екі маусым ойнап, 87 матчта 39 гол соқты. Өткен маусымда оның еншісінде 21 гол мен 6 нәтижелі пас бар. Футболшы үшін «Юнайтед» «Ньюкаслдан» озып кетті.

«Әрине, »Манчестер Юнайтедтің« тарихы ерекше, бірақ мені болашағы шабыттандырады. Мұнда ең ірі трофейлер үшін күресуге барлық мүмкіндік бар. Позитивті энергия мен отбасылық атмосфераны сезіп тұрмын. Бұл — амбицияларымды жүзеге асыратын ең қолайлы жер», — деді Шешко.

Словения құрамасында ол 41 матч өткізіп, 16 гол соққан. Бұл жазда «Юнайтедтің» шабуыл шебіндегі үшінші жаңа ойыншысы — бұған дейін Матеус Кунья мен Бриан Мбемо алынған. Команданы Рубен Аморим жаттықтырады.